Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бала күтуші зергерлік бұйымдарды қолды қылған

Елордада жұмыс берушінің зергерлік бұйымдарын ұрлаған бала күтуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны пәтерден зергерлік бұйымдардың, атап айтқанда құны 200 мың теңге тұратын алтын сырға мен алқаның ұрланғаны туралы полицияға арызданған.

Сондай-ақ арызданушы 9 қаңтардан бастап отбасына бала күтуші болып жұмысқа қабылданған 23 жастағы қыздан күдіктенетінін хабарлады. Ол аталған бойжеткенді “ОЛХ” хабарландыру сайты арқылы тапқан.

Күдікті үй тазалау кезінде алтын бұйымдарды ұрлап жасырған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Бойжеткен істеген қылмысын мойындады, зергерлік бұйымдар иесіне қайтарылды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осы секілді қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды бейтаныс адамдарға сенбеуді және бағалы заттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру