Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғындары полицейлерге алғыс білдіруде

Жамбыл облысының тұрғындары полицейлерге әлеуметтік желілердегі бейне ескертулері үшін алғыс білдіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі мен ауа райы туралы бейне хабарламалары орналастырылуда.

Сондай-ақ полицейлер жолдардың белгілі бір учаскелерінің жабылғаны туралы хабарлап, қауіп туралы алдын ала ескерту жұмыстарын жүргізуде.

Жамбылдықтар полицейлердің бұл бастамасына ризашылықтарын жеткізіп, жол бойында тұрып, уақтылы ақпарат бергені үшін полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіруде.

– Жанқиярлық жұмыстарыңыз үшін рахмет. Көлік жүргізушілері мен азаматтарға жолдаған сіздердің  хабарламаларыңыздан соң қолайсыз ауа райында үйде қалып, жолдағы келеңсіз жағдайлардың орын алуынан сақтандық, – деген әлеуметтік желі қолданушысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.