Әйелдер колониясында "Елорда күні" тойланды
"Елорда күнін" мерекелеу қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімімен сотталған әйелдер қатысқан іс-шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Конкурс барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, жеке форматта өткізілді. Сотталған әйелдер Біздің Елордамыздың "Бәйтерек" символы ретінде оригами бұйымдарын жасап шығарды. Сотталғандардың туындысы Нұр-Сұлтан қаласының дамуы туралы шығармалармен сүйемелденді.
Тәрбиелік іс-шаралар өз еліне деген сүйіспеншілікті дамыта отырып, сотталғандардың адамгершілік-эстетикалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы егеменді мемлекеттің даму тарихын білуі өте маңызды.