Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындарды алдап жүрген алаяқтар анықталды

Ақтөбеде ұялы телефонға қатысты алаяқтық фактілері орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№24 автобустың салонында 8 шағын ауданның аялдамасында 1973 жылғы ақтөбеліктің күртесінің қалтасынан “Samsung Galaxy А50″ смартфоны ұрланды. Шығын 122 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері 1988 жылы туған ақтөбелікті анықтады.

25 маусымда белігісіз адам Орталық стадионның алдында қоңырау соғу сылтауымен 9-сынып оқушысына тиесіліHuawei Y17″ ұялы телефонын алып кеткен. Шығын 84 мың теңгені құрады.

25 маусымда “Мега Шығыссауда үйінің жанында Қонаев көшесінің бойында тағы осындай оқиға орын алды. 1997 жылы туған ақтөбелік дәл сондай сылтаумен 1975 жылғы тұрғынға тиесілі құны 101 мың теңге тұратынRedmiмаркалы ұялы телефонын алып кеткен. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, ұстау шараларын қолға алды.

28 маусым 1992 жылы туған Қандыағаш қаласының тұрғыны Қандыағаш қаласындағы “Молодежный” шағын ауданындағы букмекер кеңсесінде қоңырау соғу сылтауымен 1989 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі “Samsung Galaxyұялы телефонын алып кеткен. Шығын 110 мың теңгені құрады. Күдікті жасаған әрекетін мойындап, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.28 маусым күні ақтөбелік Қазақстан 30 жыл көшесі бойында дүкенге бару сылтауымен 1966 жылы туған ақтөбелікке тиесіліСтелсмаркалы велосипедін алып кеткен. Шығын 22 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері 1988 жылы туған күдіктіні анықтады, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті тұрғындарға жеке мүлкіне қатысты, соның ішінде көбінесе ұрлық және алаяқтық объектілері ұялы телефондарға қатысты қырағы болуларын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру