Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде заңсыз сақталған 18 қару полицияға тапсырылды

Республика бойынша 1 шілде күні басталған ерікті түрде тіркелмеген қаруды тапсыру акциясы барысында екі күн ішінде  Ақтөбе облысының 17 тұрғыны тегіс ұңғылы қару тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мысалы, Мәртөк ауданы тұрғындарының бірі тәртіп сақшыларына екі тегіс ұңғылы қару-жарақты өз еркімен тапсырды. Ауыл тұрғыны қаруды тауып алғаннан кейін, онымен не істеу керектігін білмеді. Әлеуметтік желілерде қару-жарақ сатып алу бойынша акцияны көріп, сол нөмір бойынша хабарласты. Оның айтуынша, бірнеше ай бұрын сатып алған үйді тазалау кезінде шатырдан қару тауып алған. Енді полиция қызметкерлері бұл үлгілердің “қылмыстық өткеннің” бар-жоғын тексереді. Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.

Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдіргендер Ақтөбе қаласы ПБ-ның 729-853 “қауырт желі” телефондарына немесе “102” номеріне хабарласса жеткілікті,  деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ерлан Алимагамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру