Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында екі әйелдің арасындағы тұрмыстық жанжал кісі өлімімен аяқтала жаздады

Отырыс барысында әйелдер арасында жанжал туындап, біреуі асүй пышағын өзінің оппонентіне қарсы ала жүгірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.Оқиға 2 шілдеде Алматы облысының Жансүгіров ауылында орын алған. Елді мекенінен 12 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығынан іш қуысының пышақ жарақаты және қатты қан кетумен Сарқан қаласының тұрғыны ауруханаға жеткізілген.

– Жедел-тергеу тобы күдіктіні, жергілікті тұрғынды жылдам ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Таңғы сағат 7-ден 10-ға дейінгі аралықта шаруа қожалығының екі жұбы сатылған шөптен түскен ақшаға алынған екі шөлмек арақты ішкені анықталды. Отырыс барысында жәбірленуші күдіктіні қорлай бастаған, қорытындысында күдікті қолына асүй пышағын алып өзінің оппонентін жарақаттаған. Айғақ зат ретінде танылған пышақ тәркіленді. Бұл ауыр қылмыс тұрмыстық маскүнемдік салдарынан туындаған. Мас адамның қорлық сөздері, құқыққа қарсы әрекеттерге итермелейтін механизм ретінде іске қосылып, осындай оқиғаға әкеліп соққан. Азаматтарды күмәнді компанияларда спирттік ішімдіктерді қолданбауға және өз сөзін қадағалауға, қорлауға жол бермеуге, айналасындағыларды жанжалға итермелемеуге шақырғым келеді, – дейді Ақсу ауданы ПБ бастығының орынбасары Алмас Сыдықов.

Аталған дерек ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру