Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдер түрмесінде жаңа оқу жылы басталды

Атыраудағы әйелдер түрмесінде (УГ-157/11) орналасқан мектеп пен кәсіптік колледжде жаңа 2020-2021 оқу жылы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, УГ-157/11 мекемесінде (әйелдер колониясы) жазасын өтеуші әйелдерге арналған орта білім беретін мектеп пен кәсіптік колледж 2009 жылдан бастап жұмыс жасайды.

– 2020-2021 жаңа оқу жылы қайта жаңғырып, Атырау облысы бойынша білім басқармасымен бірлесіп орта білім мектебі және кәсіпттік колледж есігін айқара ашты, – дейді УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары Медет Аджикулов.- Бүгінгі күні елімізде орын алып отырған COVID-19 пандемиясына байланысты оқу үрдісі кейсттік (қағаз жүзінде) режимінде орындалуда.
Кәсіптік колледжде тігінші, аспаз, шаштараз, кондитер мамандықтары бойынша 50-ден астам студент, ал мектепте 10 оқушы білім алады.

– Мекемеде жаза өтеу барысында сотталған азаматшалар уақыттарын босқа өткізбей, оны білім алуға жұмсап отыр. Мекемеде білім алып босатылған соң дипломмен жұмысқа орналасуға көмектесеміз, – деп атап өтті Аджикулов.

Айта өту керек, осында білім алып, бостандыққа шыққаннан кейін кәсіптерін дөңгелетіп отырған әйелдер де бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру