Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Айыппұл төлемей жүрген 230 жетісайлыққа қатысты құжаттар жеке сот орындаушысына жолданды

Түркістан облысында айыппұлын төлемей жүрген 230 азаматқа қатысты құжаттар жеке сот орындаушыға жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай ауданы аумағында айыппұлды төлемей жалтарып жүрген азаматтарды анықтау мақсатында арнайы жедел профилактикалық “Борышкер” іс-шарасы өткізілді. Оған Жетісай АПБ-нің әкімшілік полиция қызметкерлері мен аудандағы сот орындаушылар жұмылдырылып, рейд жүргізілді.

Айыппұлды ерікті және мәжбүрлеп өндіру бойынша ұйымдастырылған рейд кезінде құқық бұзушылық бойынша салынған айыппұлды төлемеген 12 азамат анықталып, оларға ӘҚБтК 590-баптың 2-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 12 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған. Олардың автокөліктері айып тұрағына қойылған.

Сонымен қатар статистикаға сүйенетін болсақ, жыл басынан бері полицейлермен айыппұлын төлемей жүрген 230 азамат анықталып, оларға қатысты құжаттар жеке сот орындаушыға жолданған.

Түркістан облысының полицейлері аудан тұрғындарына әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында яғни, хаттама рәсімделген күннен бастап салынған айыппұлды жеті тәулік ішінде төлену мен әкімшілік құқық бұзушылық қаулысы шыққан күннен бастап 30 күн мерзімге ерікті түрде айыппұлды өндіру қажеттілігі жөнінде ескертеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру