Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ Өскемен тұрғындарын миллион теңгеге алдап кеткен

Алаяқ Өскемен тұрғындарын миллион теңгеге алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айының басында Өскемен қ.ПБ Ертіс ПБ «102» жедел каналына таныс емес әйелдің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған облыс орталығының 64 және 32 жастағы тұрғындары хабарласты.

Полицейлер күдіктінің шағын несие ұйымында несие ресімдеуге көмек көрсетемін деген сылтауымен олардың жалпы сомасы миллион теңгеге жуық ақша қаражатын иемденгенін анықтады.

Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде алаяқтық үшін бұрын сотталған 53 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды, ол жауап алу кезінде кінәсін мойындады.

B ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру