Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 14 жастағы балаға дене жарақатын салған ер адамды ұстады

Ақмола полицейлері 14 жастағы балаға дене жарақатын салған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 маусымда Көкшетау қаласы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан бұзақылық туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына учаскелік инспектор мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері дереу келді.

Тәртіп сақшылары 1991 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны көшеде бір топ құрдастарымен бірге ойнап жүрген 14 жастағы жасөспірімге мас күйінде дене жарақатын салғанын анықтады.

Полицейлер қаскүнемді ұстап, оны жедел-тергеу тобына тапсырды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру