Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан тұрғындары профлист ұрлады деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан тұрғындары профлист ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. 15 маусымда Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ұрлық туралы ауданның шаруа қожалықтарының бірінің басшысы жүгінді. Жәбірленуші 14-16 маусымы аралығында шаруа қожалығының аумағынан белгісіз тұлғалар 200 данадан астам профлист ұрлағанын айтты. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар 27, 30 және 34 жастағы елорданың бұрын сотталмаған үш тұрғыны болып шықты. Кенбидайық ауылына балық аулауға келген қаскүнемдер далада орналасқан қоршалмаған құрылысқа назар аударды.

Түнгі уақытта шатырдан профлисттарды алып, Howo жүк автокөлігімен шығарып, елорданың базарларының бірінде сатқан. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру