Алаяқ шымкенттікті 1,5 млн теңгесіз қалдырды
Алаяқ шымкенттікті бір жарым миллион теңгесіз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 22 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Онда белгісіз тұлға несиеге пәтер алып беремін деп 1,5 млн теңгесін алаяқтық жолмен иемденгенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.