Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтар Ақмола тұрғындарының атына 13 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

Алаяқтар Ақмола тұрғындарының атына 13 млн теңгеден астам несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер бейтаныс адамдардың өтініші бойынша телефонға қашықтан басқару жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қаупі туралы тағы да ескертеді. Мұндай бағдарлама алаяқтарға телефон кітапшасына, мобильді банктерге және гаджеттің жадында сақталатын басқа да жеке мәліметтерге толық қол жеткізуге мүмкіндік береді.

3 желтоқсанда Шортанды АПБ-ға 44 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті. Ер адам 17 қарашада белгісіз тұлға өздерін банктің қауіпсіздік қызметкерлері деп таныстырып, алаяқтар оның атына несие алуға тырысып жатыр деп сендірген. Содан кейін алаяқтар жәбірленушіге банктің мобильді қосымшасы мен AnyDesk қашықтан басқару бағдарламасы арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұсынып, бағдарламаны телефонға жүктеуге сендірген.

Осы бағдарламаның көмегімен қаскөйлер өтініш берушінің мобильді құрылғысындағы операцияларды басқаруға қол жеткізіп, оның атына несие рәсімдеген және қаражатты шешіп алған.

Осыған ұқсас өтінішпен 2 желтоқсанда Қорғалжын АПБ-ға 58 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Алаяқтар қашықтан қол жеткізу бағдарламасының көмегімен ForteBank пен Еуразиялық банкттен 5 млн 534 мың теңге сомасында әйелдің атына несие рәсімдеген.

Қазіргі уақытта Ақмола полицейлері күдікті адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру