Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтарға алданатын тұрғындар саны азаяр емес

Ақтөбелік полиция қызметкерлері кезекті алаяқтық фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

34 жастағы ақтөбелік ЖШС “Голд” қаржы пирамидасына салынған ақшаны қайтаруға көмектесем деген сылтаумен екі тұрғынды сан соқтырды.

2020 жылдың 20 ақпанында 1986 жылы туған ақтөбелік қаржы пирамидасына салынған ақша қаражатын қайтару мақсатында 1992 жылы туған әйелден 1,35 млн теңге көлемінде ақша жымқырған. Әйел полицияға 2020 жылдың маусым айында ғана жүгінген.

Сол күні күдікті тағы бір алаяқтық жасаған. Дәл сондай сылтаумен Батыс-2 шағын ауданында тұрып, 1990 жылы туған Кеңқияқ ауылының тұрғынынан 200 мың теңге көлемінде қаражат алған. Жәбірленуші маусым айында ғана полицияға арызданған.

Аталған іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы “алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерден бағалы заттар мен қаражаттарын бейтаныс немесе мүлде танымайтын адамдарға бермеу керектігін ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру