Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтық жайтына күдікті ретінде бұрын сотты болған түркістандық әйел ұсталды

Алаяқтық жайтына күдікті ретінде Түркістан қаласының бұрын сотты болған тұрғыны, жалғызбасты әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып келеді. Оның айтуынша, мүгедектікке шығарып беремін деген танымайтын әйел 30 мың теңгесін алып, сол күйі қайтармаған.

Арызды полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Осыдан соң сақшылар күдіктіні табуға бағытталған жұмыстарды атқарды. Тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол жұмыссыз жүрген, бұрын-соңды осындай алаяқтық жайтымен сотталған жалғыз басты әйел болып шықты. Бүгінде ұсталған күдікті әйел қолхатта. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ есте сақтаңыз, сіз ешкімге жеке басыңызға қатысты мәліметті беруге немесе айтуға міндетті емессіз. Әрбір мәселені жеңіл не болмаса заңсыз жолмен емес, тек заң шеңберінде шешуге дағдыланыңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру