Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметтік желідегі алаяқтар

Петропавлда жыл басынан бері 88 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер солтүстікқазақстандықтарды әлеуметтік желілер мен сайттардағы хабарландыруларға сақ болуға шақырады. Басқа елдердегі интернет-алаяқтардың белсенділіктері артуы мүмкін.

Петропавл қ. Полиция басқармасына бірден интернеттегі алаяқтық туралы бірнеше шағым түсті. 37 жастағы петропавлдық қымбат тұратын сервизін хабарландырулар сайты арқылы сатуды жоспарлаған. Сатып алушы тез табылып, алдын-ала төлемді аудару үшін банктік карта нөмірін сұраған. Бірден SMS-хабарламадағы код талқыға түседі. Интернет-банкингтен кодты жіберген кезде, ол кенеттен алаяқтардың құрбанына айналғанын түсінді: оның карт-шотынан 700 мың теңге жоқ болып кеткен.

«Мұндай жағдайға ешқашан түспеймін деп өз-өзіме сенімді болғам, – дейді жәбірленуші. – Бірақ олар жақсы психологтар екен: олар мені өздеріне сендірді, мені шабыттандырды, содан кейін бұның қалай болғанын өзім де түсінбей қалдым, оларға SMS-кодты айтып бердім. Олар менің карточкам арқылы депозиттік шотқа кіріп, барлық ақшаны алып қойғанда ғана түсіне бастадым, бірақ ол кезде өте кеш еді».

Облыс орталығының тағы бір тұрғыны – 57 жастағы зейнеткер Facebook желісі арқылы алаяқтардың қолына түскен. Бірнеше ай бұрын өзін достарының туысы ретінде таныстырған қыз оған «дос» ретінде қосылады. Оның сөзіне қарағанда, ол Лондонда және оған жедел түрде құнды заттар салынған сөмкені Петропавлға жіберу керек болған. Бар өтініші, кедендік шығындарды төлеуге қаржылық көмек сұраған. Көрсеткен көмегі үшін үлкен сыйақы беруге уәде береді. Бірнеше апта ішінде ер адам Ресей банктерінің банк карточкаларына 3 миллион 700 мың теңгеден астам сомаға онға жуық аударым жасайды. Банк қауіпсіздік қызметтерінің ескерту қоңырауларына қарамастан ақша жіберуді жалғастыра берген, ең соңында туыстары оны полицияға өздері алып келген. Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың қай жерде екенін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіліп жатыр.

Петропавл қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің басшысы Дархан Зияфедин алдын-алу жұмыстары ұдайы түрде жүргізілетінін, алайда соған қарамастан интернет-алаяқтық жағдайлары жалғасып жатқандығын атап өтті. Полицейлер қалалықтардан ешкімге парольдерді, PIN-кодтарды және CV-кодтарды айтпауларын сұрайды. Алдын ала төлем немесе салым түрінде күмәнді мәмілелер жасамау қажет, жағдайды анықтамай достарыңызға немесе туыстарыңызға ақша аударуға асықпаңыздар, сенімді болу үшін ақпаратты тексеріп, видео қоңырауға қоңырау шалыңыздар дейді. Жалпы ұсыныс: өте сақ болу керек және банк карталары арқылы ақша аудару үшін картаның шотының нөмірі жеткілікті екенін естен шығармаған жөн. Терминал арқылы жіберу үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және телефон нөмірі жеткілікті. Егер интернеттегі сатушылар немесе сатып алушылар шұғыл түрде қосымша кодтарды, SMS-тегі деректерді немесе басқа жеке ақпаратты сұраса – бұл алаяқтар, олармен барлық байланыстарды тоқтату керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру