Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заң бұзушы тұрғындар азайды

Алматы облысында “Көршіліер бақылауы” қоғамдық бағдарлама жақсы нәтиже көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы аумағында жұмыс жасайтын “Көршілер бақылауы” бағдарламасы бойынша 2200 астам қоңырау қабылданып, полицейлер 1600 астам құқық бұзушылықтың алдын алды. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, тұрғындардың заң бұзушылыққа жауапкершілігін арттыру болып табылады.


Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық ұйымдар мен тұрғындардың қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарды болдырмауға белсенді атсалысуы үшін облыстық Полиция департаменті тарапынан кешенді шаралар қабылданып келеді.


Қазіргі уақытта Алматы облысында 366 қоғамдық құрылым құқық қорғау бағытында қызмет етеді. Аталған ұйымдардың құрамында 1500 жуық мүше бар. Биыл осы ұйымдардың көмегімен 146 әкімшілік құқық бұзушылық әшкере болды. Тәртіп сақшылары қоғамдық ұйым өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс жасап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жатыр.


Еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, құқық қорғау органдарына қолдау көрсетіп, кез келген заң бұзушылықтың алдын алған азаматтардың әрекеті орган тарапынан көтермеленетіні белгілі.


Биыл облыстың бас полицейі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан сүбелі үлесі үшін 48 тұрғынды марапаттап, сыйлықтар табыстады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру