Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үш әйел бойжеткенді жезөкшелікке мәжбүрлеген

Алматыда үш әйел 21 жастағы бойжеткенді еркінен тыс жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үшеудің интимдік-индустрияда жұмыс істейтіні белгілі болды. Олардан жәбір көрген Ы. есімді арудың 1999 жылғы екені анықталды.

«Бізге бойжеткеннің өзі көмек сұрап хабарласты. Ол жалдамалы пәтерден қашып шыққан. Оны еркінен тыс күштеп ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Күдіктілер тез анықталды. Олардың қайсысы басты рөлді атқарғанын да білдік. Ол 1992 жылғы болып шықты. Оның «көмекшілері» де өзімен қатарлас. Екеуі пәтерде жәбірленушіні күзеткен. Олар қамаудағы қызды қорқытып, ата-анаңа не істеп жатқаныңды айтамыз деген. Қазір үш әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы (жезөкшелікпен айналысуға итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс ПД Тергеу басқармасында тергеліп жатыр», – деп хабарлайды Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру