Алғашқы құжатын алған СҚО тұрғыны мемлекеттік қызметті пайдаланды
СҚО-да 37 жастағы ауыл тұрғыны алғашқы құжаттарын алып, сол күні алғаш рет көрсетілетін мемлекеттік қызметті пайдаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 маусым күні Қызылжар ауданының 37 жастағы тұрғыны жеке куәлігін алды. Ол аудандық полиция бөліміне шамамен екі ай бұрын жүгінген. Бұрын ер адамда ешқандай жеке құжаты, тіпті туу туралы куәлігі де болмаған. Қызылжар ауданы полиция бөлімі Көші-қон қызметінің қызметкерлері Жасқайрат Хайыржанов және Абай Субанов азаматтықты анықтау рәсімін өткізді. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде құжаттар қолға тапсырылды. Ер адам толық ҚР азаматы болды, медициналық және мемлекеттік қызметтермен пайдаланып, ресми түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Айта кететіні, дәл сол күні ол жаңа мүмкіндіктерді пайдаланды, неке қиюға өтініш берді.
«Қызылжар ауданы ПБ көші-қон қызметі тобы инспекторларына түсіністікпен қарап, өздерінің міндеттерін мінсіз атқарғаны және жедел көмек көрсеткендері үшін алғысым шексіз… Қысқа мерзім ішінде жеке куәлікті ресімдеуге көмектесті» – деп жазыпты ауыл тұрғыны СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаевтың атына жазған хатында.
– Облыстық полиция ведомствосының көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР құжаттары жоқ азаматтарының құқықтық мәртебелерін реттеу бойынша жұмысты жалғастыруда, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов. – Жыл басынан 66 облыс тұрғынының құқықтық мәртебесі реттелді. Оның 35-і ескі үлгідегі төлқұжатпен жүрсе, қалғандарында жеке бастарын куәландыратын құжаттары мүлде болмаған.