Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ащы су ұрттап алған шығысқазақстандық темір торға тоғытылуы мүмкін

Ащы су ұрттап алған шығысқазақстандық темір торға тоғытылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 12 маусымында сағат 17:50 шамасында Жаңа Шульба ауылындағы Киров көшесінде Бородулиха АПБ ЖПҚБ қызметкерлері 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған Бородулиха ауданының 26 жастағы тұрғынын алкогольді масаң күйде ұстады.

Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.Аталған оқиға бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346 – бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін жүргізуші бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айыру жазасы қарастырылып отыр.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру