Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтерді жалға алған әйел зейнеткерді шығынға батырды

Зейнеткер пәтерін жалға беремін деп, басы дауға қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қ.ПБ Үлбі полиция бөлімінің “102″ жедел арнасына 65 жастағы зейнеткер хабарласып, оның жалға берілген пәтерінен үй жиһаздарын, атап айтсақзаттар салуға арналған шкаф, асүй шкафын, диванмен креслоны жасырын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Келтірілген материалдық шығынкөлемін 300 мың теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде жедел уәкілдер 47 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдіктіден жауап алу барысында ол кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру