Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алкогольді заңсыз сатқан ауыл тұрғыны анықталды

Павлодар облысында ауыл тұрғыны алкогольді заңсыз сатқаны үшін әкімшілікке жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Рейдтік іс-шара өткізу барысында Павлодар облысы Ертіс ауданының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ауылдардың бірінде 59 жастағы ауыл тұрғынының алкоголь өнімін сату фактісін анықтады. Әйелдің үйінен әрқайсысының сыйымдылығы 0,5 литр, жапсырмасыз екі пластикалық бөтелке арақ сатқаны анықталды. Сараптама нәтижелері бойынша сұйықтық құрамында этил спирті бар, – деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.

Полиция қызметкерлері әйелге қатысты тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын, материалдың қарау үшін сотқа жіберілгенін қоса айтты.

Жыл басынан бастап Павлодар облысының аумағында полиция қызметкерлері осындай үш фактіні анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру