Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауылдағы алма бақта есірткі егілген

Есірткі еккен Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 15 тамызында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен Жаңақорған ауданы Кейден ауылының алма бақтың ішінде 17 түп жасыл түсті сора өсімдігін еккені анықталды.

Жедел тергеу тобының іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны ұсталды.

Оқиға орнын тексеру барысында 17 түп салмағы – 4556,31 гр жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді еккендігі анықталды. Қазіргі таңда күдікті Жаңақорған АПб-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (Ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру