Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясына қалай оқуға түсуге болады

Өңірлік коммуникация қызметі алаңында ҚР ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары Ержан Бимолдановтың қатысуымен брифинг өтті, ол оқуға түсу кезіндегі негізгі талаптар туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Академия Құқық қорғау қызметі, Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, ІІБ қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету, Ақпараттық жүйелер бағыттары бойынша мамандар даярлайды.

– Әрине, мемлекет құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлерін лайықты оқыту үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктерді қарастырған. Курсанттарды қабылдау және оқыту кезінде тегін тұруды, заманауи техникамен жабдықталған заманауи аудиторияларда оқытуды, ай сайынғы стипендия алуды, тамақпен, заттай үлеспен қамтамасыз етуді, медициналық қызмет көрсетуді, тегін спорт секцияларына баруды, тұрғылықты жеріне және кері қарай пойызбен тегін жүруді көздейтін мемлекеттік тапсырыс негізінде жүргізіледі, – деп атап өтті Алматы академиясы бастығының орынбасары Ержан Бимолданов.

Ол сондай-ақ күндізгі оқу мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестірілетінін және толық оқу курсын бітірген әрбір түлек 100% жұмысқа орналасатынын атап өтті. Сонымен қатар кейбір кандидаттарды қабылдау кезінде ерекше жағдайлар бар екенін хабарлады.

– Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген, кандидаттар үшін белгіленген талаптар бойынша шекті бал деңгейін жинаған, ҰБТ нәтижелері бойынша 100 және одан жоғары балл жинаған кандидаттар, спорт шеберлері, қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балалары конкурстан тыс автоматты түрде қабылданады, – деп толықтырды Ержан Бимолданов.

Осылайша, ақпаннан мамырға дейін тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгінуге болады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыру үшін өтініш беру 28 сәуірден 14 мамырға дейін жүзеге асырылады. ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.

Барлық ақпарат Алматы академиясының сайтында, тиісті құжаттарды рәсімдеу үшін сілтемеге өтіңіз (https://apa.gov.kz /).

Сондай-ақ толық ақпаратты +7-705-755-25-77, +7-775-930-55-88 WhatsApp нөмірлері арқылы білуге болады.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру