Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясының ұжымы әріптестерін зейнет демалысына шығарып салды

М.Есболатов атындағы Алматы академиясының ұжымы аталған оқу орнының өркендеуіне зор үлес қосқан полковник Серік Мәлікұлы Кененбаевты салтанатты түрде зейнет демалысына шығарып салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Серік Кененбаев – академияның ең маңызды буынына басшылық жасап, бастықтың кадр жұмысы және тыл жөніндегі орынбасары қызметінде өз іскерлігін танытқан азамат. Полиция полковнигі С.Кененбаевты құрметті демалысқа шығарып салу салтанатында Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков сөз сөйлеп, әріптесінің академияға сіңірген еңбегіне алғыс білдірді.

– Полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты Серік Мәлікұлының еңбек жолы кейінгі буын полиция қызметкерлеріне үлкен өнеге. Ол өзі еңбек сіңірген білім ордасында оқытушылық қызмет те атқарып, болашақ полиция қызметкерлерін даярлауға аянбай ат салысты. С.Кененбаевтың іскерлік қасиеті ел басына күн туған қаңтар оқиғасы кезінде де айқын көрінді. Ол сол бір сын сағаттарда академия қызметкерлеріне топ басшы ретінде шабуылға ұшыраған полиция қызметкерлеріне қорған болды. Сонымен бірге жеке құрамды қарулы қақтығыстан дін аман алып шыға білді. Серік Мәлікұлының мұндай табандылығы мен батылдығын біз әрқашан мақтан етеміз, – деді А.Сайтбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру