Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облыстық ПД мен бизнес-омбудсмен ынтымақтастық туралы келісті

Алматы облыстық ПД мен бизнес-омбудсмен ынтымақтастық туралы келісті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жылғы 9 желтоқсанда Қонаев қаласында Алматы облысы полиция департаменті басшылығының Қазақстан Республикасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл хатшылығының меңгерушісі Йылмаз Сафараулмен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу бизнес пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жолындағы маңызды қадам болды. 

 – Талқылаудың басты тақырыбы - кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудағы күш-жігерді біріктіру, сондай-ақ бизнесті дамытуға кедергі келтіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу болды. Диалог кәсіпкерлердің алдында тұрған негізгі проблемаларды қозғады және бизнестің құқықтық нормалары мен мүдделерін ескере отырып, оларды шешу жолдарын қарастырды. Кәсіпкерлердің өтініштеріне жедел ден қою тетіктерін әзірлеуге ерекше назар аударылды. Тараптар жайлы және қауіпсіз бизнес-ортаны құрудың, сондай-ақ экономикалық қылмыстардың алдын алудың маңыздылығын талқылады, – деп атап өтті полиция. 

Талқылау барысында кәсіпкерлердің бақылауға алынған өтініштерінің нақты мысалдары қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар шағымдарға жедел ден қоюға ғана емес, сонымен қатар бизнесті қорғау саласындағы жұмысты жақсарту бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеуге келісті. Тараптар әкімшілік кедергілерді азайтуға және өңірде кәсіпкерлік қызметті тұрақты дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған өзара іс-қимыл жасауға және бірлескен іс-шаралар өткізуге дайын екендігін растады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру