Алматы облысы бойынша ҚАЖД ҚР Президентінің жолдауымен танысты
Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері ҚР Президентінің Жолдауымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 наурызда Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын тыңдау және зерделеу өтті.
Оған ҚАЖ департаментінің жеке құрамы қатысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын мемлекеттік телеарналарда тікелей эфирде айтты.
Жолдауда қандай бағыттар көрсетілсе де, ішкі немесе сыртқы саясат не әлеуметтік-экономикалық мәселелер, құқық пен руханият болсын – олардың барлығы бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру сияқты игілікті мақсаттарды бейнелейді.
Алматы облысы ҚАЖ қызметкерлері Жолдауда белгіленген міндеттерді жан-жақты зерделеуде.
ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов Президент Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерді атап өтті.