Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы бойынша ҚАЖД-да семинар-кеңес өткізілді

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінде оқыту семинар-кеңесі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы облысы ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының бастамасымен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері үшін оқыту семинар-кеңесі өткізілді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер мен есепке алу-тіркеу тәртібінің бірыңғай тізілімін жүргізу бойынша оқыту Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекемесінде жүргізілді.

Семинарға Алматы облысы ҚР БП ҚСжАЕА прокурорлары және СДТТ автоматтандырылған базасына құқығы бар ҚАЖ қызметкерлері қатысты.

– ҚАЖ қызметкерлері үшін оқыту СДТТ жүргізу қағидаларын сақтау және есепке алу-тіркеу тәртібін бұзушылықтардың алдын алу үшін жүргізілді, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚСжАЕА аға прокуроры Азат Кеңбейіл.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру