Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген жігіт ұсталды

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аялдамада ұрлық жасаған 19 жастағы күдікті ұсталды.

– Қаскөйдің олжасы Samsung телефоны болды. Оны күдікті ер адамның күртесінің қалтасынан шығарып алып, оған 40 мың теңге материалдық шығын келтірген. Белгілі болғандай, қаскүнем аялдама кешендері мен қоғамдық көліктерде “қарбалас уақытта” ұрлық жасап жүрген. Қоғамдық көліктің бір басынан екінші шетіне дейін жолаушылардың қалтасын тексерген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сонымен қатар, күдіктінің қаланың басқа да жерлерінде осыған ұқсас басқа да қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру