Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы түзеу мекемелерінде дерадикаландыру жұмыстары жүргізілуде

Алматы облысы түзеу мекемелерінде дерадикаландыру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы прокуратурасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында Талдықорған қаласының «Аналар алқасы» Қоғамдық бірлестігі 4-20 қараша аралығында «Қоғамда радикалды идеологияның таралуының алдын алу, Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес келетін сананы қалыптастыру, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру мақсатында арнайы контингент арасында «Экстремизмсіз өмір» жобасының іс-шараларын жоспарға сәйкес жүзеге асырды.

​Жобаның міндеттерінде 3 бағыт бойынша кешенді атаулы ақпараттық-түсіндіру, нақты оңалту іс-шараларын жүргізу қаралған.

​Соның ішінде жоспарға сәйкес, 4-11 қараша аралығында Алматы облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/4, 8, 12, 14 мекемелерінде ведомствоаралық есептен тыс жазасын өтеушілер арасында топтық негізде 10 кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен жекелей негізде оңалту және дерадикаландыру іс-шаралары жүзеге асырылды.

​- Бұл жұмыстарға білікті, республика аумағында елге танымал PHD-доктор немесе ғылым магистрі дәрежелері бар теолог, психолог, тарихшы және саясаттанушылар тартылды. ​​Атқарылған жұмыстар ҚАЖ мекемелеріндегі діни ахуалдың жақсаруына және мемлекеттік бағдарламадағы талаптардың орындалуына оң септігін тигізері сөзсіз, – деп атап өтті өңірлік Департамент бастығы Иглік Хасенов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру