Алматы облысында 4,5 мың қылмыстық іс электронды форматта тергелді
Алматы облысының полицейлері 4,5 мың қылмыстық істі электронды форматта тергеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл Алматы облысының Полиция департаменті тергеушілері мен анықтаушыларының өндірісінде 25 мың 679 қылмыстық іс болған, оның 4 мың 583 электронды форматта тергелді.
Қылмыстық істерді электронды форматта тергеу үшін тергеу, анықтау бөлімшелерінің, учаскелік инспекторлардың, криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлеріне арналған 300 жұмыс орны құрылды.
Келесі жылы облыс көлемінде сотқа дейінгі іс жүргізуді электронды форматта жүзеге асыруды жалғастыру үшін тағы 300 жұмыс орнын қалыптастыру жоспарлануда.