Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көлікті мас күйінде басқарған, бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды

Ақтөбеде көлікті мас күйінде басқарған, бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

07 қазан күні сағат 04.30-да патрульдік полиция қызметкерлері Клубная және Парковая көшелерінің қиылысында қызмет атқару кезінде 27 жастағы бойжеткеннің басқаруындағы “Toyota Ipsum” автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші көлік құралын алкогольдік масаю күйінде жүргізіп келе жатқан.

Тексеру барысында жүргізуші бойжеткеннің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру