Алматы облысында автожолдың бойында ер адамның мәйіті табылды
Алматы облысында автожолдың бойында ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-ға Көлді ауылының маңындағы автожолдың бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ПБ СДТБТ-де тіркелді.
Қайтыс болу себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
– Қазіргі уақытта жеке басын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылдануда, – деді Алматы облысы Полиция департаментінде.