Алматы облысында «есірткі бағы» жойылды
Құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің тағы бір дерегі Талғар ауданында тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірген күдіктіні анықтап, ұстады.
«Есірткі» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жедел қызметтер өзінің бақшасында қарасора өсімдігін өсірумен айналысқан, Талғар ауданы Рысқұлов кентінің 55 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Сарапшылар өсірілген есірткінің марихуана екенін айтты. Күдіктіден құрамында есірткі аты бар жалпы 35 түп өсімдік тәркіленді. Мойындағысы келмеседе ресми рәсімдерден кейін ұсталған азамат қарасораны жеке өзі тауып, оны жеке учаскесіне мұқият күтіп отырғызғанын жеткізді.
Сонымен қатар, ол тыйым салынған «шөпті» өзі үшін отырғызғанын, ұзақ уақыт бойы оны қолданып келе жатқанын айтқан. Барлық дәлелдер мен фактілер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігіне сәйкес тексеріледі.