Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

88 дүкен иесі лицензиясыз ішімдік сатқан

Павлодарда лицензиясыз ішімдік сатқан дүкендер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің басты міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу, соның ішінде алкогольдік заңнаманы бұзудың алдын-алу. Осыған байланысты полиция тұрақты түрде рейдтік, профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Бүгінгі күні ішкі істер органдарының қызметкерлері алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 6 195 фактісін анықтады, оның ішінде:

– ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша 246 факті;
– ҚР ӘҚБК 440-бабы бойынша 5 949 факті.

Сондай-ақ, жыл басынан бері полиция он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекі мен темекі өнімдерін сатудың 44 фактісін анықтады.

Сонымен, Павлодарда полицейлердің Российская көшесіндегі дүкенде рейдтік іс-шаралар барысында 21 жасқа толмаған адамға алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сату фактісін анықтады. Осы дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді.

Сонымен қатар, жеке сауда орындарының кейбір иелері қосымша пайда алғысы келіп, алкоголь өнімін сатуға лицензиясы болмаса да алкогольді заңсыз сатқан.

Өткен мерзімде ішкі істер органдарының қызметкерлері ҚР ӘҚБК 463-бабы (Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарламасыз іс-қимылдар (операциялар) жасау) бойынша 88 фактіні анықтады.

Полиция облыс тұрғындарын алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сату фактілерін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу фактілері туралы “102” телефоны арқылы полицияға хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру