Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді дронмен анықтауда

Түркістан облысында полицейлер қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді дронмен анықтауда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында полицейлер дронның көмегімен жүгенсіз жүргізушілерді, яғни қауіпсіздік белдігін тақпағандарды анықтауда.  

Мәселен Созақ ауданында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау барысында 20-дан астам қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамаған) бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. 

Сонымен қатар көлік құралдарының жарық шамдарын пайдалану талаптарын бұзған, көлік конструкциясына қосымша жарық шамдарын орнатқан және жарықтандыру жүйесіне заң талаптарына сәйкес келмейтін LED шамдарын қойған жүргізушілер де анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабына (Техникалық регламенттер мен стандарттар талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынатын ақаулары бар көлік құралдарын басқару) сәйкес тиісті шаралар көрілді. 

Түркістан облысының полицейлері рейдтік іс-шаралар барысында жол қозғалысын әуеден бақылау және құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында пилотсыз ұшу аппараттарын кеңінен пайдалануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру