Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құжатсыз көп мөлшерде балық тиелген жүк көлігі айыптұраққа қойылды

Павлодар облысының автожолында тиісті құжатсыз көп мөлшерде балық тиелген жүк көлігі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей – Павлодар автожолында Кенжекөл ауылының маңында патрульдік полиция қызметкерлері Семей қаласының 59 жастағы тұрғынының басқаруымен тиісті құжаттарсыз көп мөлшерде балық тасымалдаған “Скания” маркалы автокөлігін ұстады.

Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды, балық тәркіленді. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Қазақстан Республикасы ҚК 196-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру