Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сатып алулар саласында алаяқтықпен айналысқан адам ұсталды

Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі сатып алулар бойынша бірқатар алаяқтыққа қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Күдікті – 1983 жылы туған К.есімді азамат, Алматы облысының тумасы, тендер өткізу ресурсы арқылы тапсырыс берушілерді тауып, оларға электр қондырғыларын орнату және нысандарды салу үшін қысқа мерзімде тауарларды жеткізу бойынша өз қызметтерін ұсынды. Ер адам жоқ электронды шот-фактураларды, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қолдан жасаған. Осылайша, ол адал кәсіпкерлерді адастырды. Полицияға арызбен 15-тен астам адам жүгінді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сонымен қатар, полиция К. мырзаның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Алмалы ауданының Полиция басқармасына келесі нөмірлер бойынша хабарласуға шақырады: 8-708-707-92-02; 8-702-333-42-64; 8-705-711-13-71.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру