Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Іздеуде жүрген 16 қылмыскер табылды

16-17 қыркүйек аралығында Павлодар өңірінің аумағында республикадан тыс жерлерде жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыруға бағытталған “Іздестіру” іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нәтижесінде 16 қылмыскер іздестіріліп, табылды, олардың сегізі өткен жылдар бойынша тоғызы ТМД елдері үшін анықталды. Хабар-ошарсыз кеткен үш азаматтың мекенжайы анықталды.

Мәселен, Тереңкөл ауылында есірткі заттарын заңсыз өндіргені, таратып, өткізгені үшін іздестіріліп жатқан Ресей Федерациясының 37 жастағы азаматы ұсталды. Ата-анасының үйінде жасырынған. Сондай-ақ, Аққулы ауданының Корт ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 37 жастағы іздестіріліп жатқан қылмыскер ұсталды.

Павлодарда Ресей Федерациясының 36 жастағы азаматшасының мекен-жайы анықталды, 2018 жылы Ресей Федерациясының Новосибирск облысы, Орда ауданы, Верх-Ирмен селосы мекен-жайы бойынша үйінен шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз болған. Қызды анасы іздестірген еді. Қазіргі уақытта Павлодар қаласында азаматтық жұбайымен тұрып жатқаны анықталды.

Егер жақындарыңыздың тағдыры сіз үшін маңызды болса, онда оларға өте мұқият болу ережесін ұстаныңыз. Ықылас білдіріңіз, олардың көптеген таныстарының тұрғылықты жері және араласатын достары туралы біліңіз. Балаларды стандартты емес жағдайларда өзін ұстау мəнері мен мінез-құлыққа үйретіңіз, бейтаныс адамдардың көліктеріне отырмауға, олармен бір жерге бармауға, олардан сыйлықтар алмауға үйретіңіз. Балаңызбен сенімді қарым-қатынаста болуға тырысыңыз, сонда ол сізге өз өміріндегі барлық оғаш фактілер туралы хабарлайды.

Егер сіздің туыстарыңыздың арасында есте сақтау қабілетінің жоғалуына немесе жергілікті жерде нашар бағдарлануына әкелуі мүмкін аурулардан зардап шегетін адамдар болса, киімнің қалтасына толық мәліметтер, тұрғылықты мекен-жайы бар жазбалар салыңыз.

Бұл ұсыныстарды орындау оңай жəне сіздің отбасыңызда осындай бақытсыздық болса, жоғалған адамды табуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру