Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында іздеуде жүрген рецидивист ұсталды

Алматы облысында іздеуде жүрген рецидивист ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қапшағай қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп,  тергеуден жасырынған күдіктіні ұстады.

– Жүргізілген жедел – іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 9-тармағы бойынша, яғни адам өлтіруге оқталғаны үшін айып тағылған 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің 2020 жылдың 26 желтоқсанында бірге спирттік ішімдіктер ішу барысында Қапшағай қаласының 23 жастағы тұрғынына бірнеше жарақат салғаны анықталды. Соның салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілген, – дейді Қапшағай ҚПБ бастығы Манат Айтмұханбетов.

Айта кету керек, қылмыс бірге ішімдік ішу кезінде туындаған жанжалға байланысты орын алған. Қылмыстардың көпшілігі алкогольдік ішімдікті тұтыну кезінде жасалатыны белгілі.

– Күдікті бұрын бірнеше рет түрлі қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады, іс бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, – деп толықтырды Манат Айтмұханбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру