Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер ҰОС ардагерлеріне теңестірілген полиция қызметкерлері отбасын құттықтады

Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен бірге Ұлы Жеңіс күні қарсаңында соғыс және ішкі істер органдары ардагерлерін,тыл еңбеккерлерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Атап айтқанда, Ардагерлер кеңесінің өкілдері мен полиция қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген алты ардагерді, олардың жұбайларын, сондай-ақ ішкі істер органдарында елеулі еңбек еткен ардагерлерді келіп жеткен мерекелерімен құттықтады.

“Оларға шайқастың бар ауыртпалығын бастан өткеріп, соғыстан кейінгі уақытта ел экономикасын қайта қалпына келтіруге тура келді. Бүгінде біз майданда да, тылда да жауды жеңген аға ұрпақтың естелігін құрметтейміз. Бұл кісілер соғыстан кейінгі қиын қираған уақытта қылмыспен күресті. Алматы облысы Полиция департаменті мен Ардагерлер кеңесінің басшылық және жеке құрамы атынан барлық ардагерлерге мықты денсаулық, бейбіт аспан мен ұзақ өмір тілеймін”,- деді өз сөзінде Талдықорған қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Есімхан Карткожин.

Кеңес милициясы қатарында Отан алдындағы өздерінің қызметтік борышын ҰОС-ның ардагеріне теңестірілген Ішкі істер органдарының ардагері Колесников Дмитрий Кондратьевич пен оның жұбайы тыл еңбеккері Надежда Михайловна да адал атқарған.


Алматы облысы Полиция департаменті басшысының атынан полиция қызметкерлері ардагерлерге “Жеңіс” естелік медалін, мақтау қағазын және азық-түлік себетін табыс етті.


Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ІІО ардагерлері Жұмаш Искаков, Жунисбеков, Болат Кужаков, Кеңесхан Старостен, Евдокия Тихоновна, Бауыржан Мамырбаевтың отбасыларын да назардан тыс қалдырмады. Оларға да мақтау қағазы мен азық-түлік себеті табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру