Алматы облысында престелген шөп ұрлығы айшықталды
Алматы облысында престелген шөп ұрлығы айшықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шелек ауылының полиция бөліміне 39 жастағы ауыл тұрғыны 200 байланған шөп теңінің ұрланғаны жайында хабар жеткізді.
Бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары ұрлық жасаған адамның ізіне түсті. 30 жастағы жергілікті тұрғын шөпті жымқырғанын мойындап, материалдық шығынын толығымен өтеп беретінін жеткізді.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары барысында күдіктіге үйден тыс жерлерге шықпауы және тиісті тәртіпті сақтауы туралы бұлдартпау шарасы қолданылды.