Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда атты полицейлер мас бұзақыны ұстады

Мамыр айынан Петропавл патрульдік полиция батальоны кавалерия взводының қызметкерлері Заречный және Новопавловка кенттеріндегі 17 саяжай массивін патрульдеуді жүзеге асырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың жауапкершілігіндегі аймақтар – автомобильдер мен жаяу жүргіншілерге өтуге қиындық тудыратын бағыттар. Міндеттеріне – саяжайшылардың мүліктерінің сақтылығын, құқықтық тәртіп пен абаттандыру ережелерін сақтауды қадағалау кіреді.

Петропавл қ. Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны кавалерия бөлімшесінің командирі Жақсылық Көжелдақов карантин кезінде адамдармен әлеуметтік ара қашықтықты сақтау қажеттігі, үлкен топпен жиналмау жөнінде түсіндіру жұмысының жүргізілетінін атап өтті. Мереке және демалыс күндері саяжайшалардан бөлек табиғат аясына шығып демалатындар да жүреді, осы орайда атты патрульдер күшейтіледі. Полицейлер отты сөндірмей қалдыруға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоқыс тастауға болмайтыны туралы ескертеді.

Жұмыс негізі – саяжай қауымдастықтарының төрағалары және күзет қызметкерлерімен ұдайы байланыста болу. Кавалерист полицейлер саяжайшылардың көбімен танысып алған, тіпті қай саяжай қаңырап бос тұрғанын, қайсысының иесі түнеуге қалатынын да біледі. Бөтенді жазбай таниды. Адамдар атты полицейлерге үйренісіп қалған, қажет болған жағдайда бірден хабарласады. Шілде айының басында мас қалалық “Ранет” саяжай қауымдастығында терезелерді сындырып, жанжал шығарған. Күзетшілер “102” арнасына хабарласпас бұрын кавалерияны шақырған. Бұзақы ұсталып, автопатрульге тапсырылды.

– Бізде осындай күзеттің бары қуантады. Мен оларды күн сайын көріп тұрамын. Тіпті бір-бірімізді білеміз, маскаларда болғандықтан көздерінен танып, жөн сұрасамыз, – деп саяжайшылардың бірі Людмила Шадрина өз ойымен бөлісті.

Жалпы саяжайдағы жағдайды тәртіп сақшылары қалыпты деп бағалайды. Патрульдеу саяжай маусымының соңына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру