Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында престелген шөп ұрлығы айшықталды

Алматы облысында престелген шөп ұрлығы айшықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шелек ауылының полиция бөліміне 39 жастағы ауыл тұрғыны 200 байланған шөп теңінің ұрланғаны жайында хабар жеткізді.

Бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары ұрлық жасаған адамның ізіне түсті. 30 жастағы жергілікті тұрғын шөпті жымқырғанын мойындап, материалдық шығынын толығымен өтеп беретінін жеткізді.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары барысында күдіктіге үйден тыс жерлерге шықпауы және тиісті тәртіпті сақтауы туралы бұлдартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру