Алматы облысында қаңтар оқиғасындағы тонауға қатысы бар 6 күдікті ұсталды
Алматы облысында қаңтар оқиғасындағы тонауға қатысы бар 6 күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысында қаңтар айында тонауға қатысты күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жалғасуда. Соңғы тәулікте полиция жаппай тәртіпсіздік кезеңінде бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен алты адамды ұстады.
Қарасай ауданында қаңтар айында тонауда Үшқоңыр кентінің 5 тұрғыны ұсталды. 19-22 жастағы ұсталған адамдар 5-7 қаңтар аралығында Aport Mall сауда ойын-сауық орталығынан тұрмыстық техниканы ұрлады деген күдікке ілінді. Келтірілген залалдың сомасы әзірге анықталуда. Күдіктілер қамауға алынған.
Сондай-ақ, Талдықорғанда тәртіп сақшылары күш құрылымдарының құралдарын ұрлады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ер адам тәртіпсіздіктерді пайдаланып, қалалық полиция ғимаратынан төрт бронды кеудеше, қалқан мен дұлыға ұрлап кеткені анықталды. Тергеу барысында ұсталған азамат «ешқайда кетпеу туралы қолхатпен» босатылды.
Тонау фактілері бойынша тергеу облыс Полиция департаментінің ерекше бақылауында.