Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында сатушыдан телефон ұрлап кеткен күдікті анықталды

Қарағанды облысында сатушыдан телефон ұрлап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз күні Қарағанды облысы Абай аудандық Полиция басқармасына 40 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Жәбірленуші азаматша қаладағы сауда орындарының бірінде сатушы болып жұмыс жасаған. Арыз беретін күні белгісіз біреу сөреде тұрған ұялы телефонын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 400 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” осы іске қатысты деген күдікпен 55 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру