Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында тергеу изоляторларының басшылығы қамаудағылардың туыстарын қабылдады

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 мекемесінің басшылығы қаңтар оқиғасына қатысы бар тергеу-қамауға алынған адамдардың туыстары мен жақындарымен кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/16 тергеу изоляторының бастығы Арнай Әбдірахманов тергеу-қамаудағылардың туыстары мен жақындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде күзетпен ұстаудың жалпы қағидасы, қысқа мерзімді кездесулер берудің, сондай-ақ сәлемдемелер мен посылкаларды қабылдау ережелері түсіндірілді.

Күзетте ұсталатын тергеудегі адамдардың денсаулығына, сондай-ақ мекемеде медициналық қызмет көрсетуге қатысты бірқатар мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды.

– Барлық сұрақтарға түсініктемелер беріліп, оларды шешу жолдары қабылданды. Тергеу-қамауға алынған мекемелерді жылумен, тамақпен, күнделікті тұрмыстық заттармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – қызметкерлердің негізгі міндеттерінің бірі, – деп атап өтті тергеу изоляторының бастығы Арнай Әбдірахманов.

Соңында тергеу-қамауға алынған адамдардың туыстары мен жақындары кездесуді ұйымдастырғаны үшін ҚАЖ департаменті мен тергеу изоляторының басшылығына алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру