Алматы облысында тұрғыннан есірткі мен заңсыз сақталған қару тәркіленді
Алматы облысында тұрғыннан есірткі мен заңсыз сақталған қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қонаев қаласында облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері мен Алматы облысының ҰҚКД бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдіктінің үйін тінту барысында екі келіден астам есірткі құрамдас өсімдіктер анықталып, тәркіленді. Сараптама бұл заттардың каннабис екенін растады. Сонымен қатар заңсыз сақталған шолақ аңшы мылтығы табылды.
Есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру және қару сақтау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://youtube.com/shorts/r4_nrltL9co