Алматы облысында түрмеге трамадол және телефон өткізбек болған ер адам ұсталды
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/12 мекемесіне трамадол және телефон өткізбек болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/12 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлерінің қырағылығының арқасында мекеме ішіне қолдануға тыйым салынған заттардың өтілуінің алды алынды.
Қызметкерлер сәлем-сауқат ретінде келген майонездің ішінен 785 дана ақ түсті дәрілер және кәмпит салынған қара пакет ішінен «Nokia» маркалы ұялы телефон тәркіледі.
– Аталған жәйт бойынша Қапшағай қаласының Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылған болатын. Сот медициналық сараптама нәтижелері бойынша 785 дана ақ түсті дәрі – трамадол екендігі анықталды, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.