Алматы облысында учаскелік полиция инспекторларының слеті өтті
Алматы облысында учаскелік полиция инспекторларының слеті өтті, – деп хабарлады Polisia.kz.
10 ақпан күні Қонаев қаласының мәдениет үйінде Алматы облысы ПД ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларының слеті өтті. Дәстүрлі слеттің басты мақсаты – учаскелік полиция инспекторларының бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, сондай-ақ ІІО жеке құрамының патриоттық және адамгершілік тәрбиесін дамыту.
Іс-шараға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Л.Тұрлашев, облыстық құқық қорғау және арнайы ведомстволардың басшылығы, Ардагерлер кеңесі, білім басқармасы және учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
– Кездесу барысында Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленовтің бұйрығыммен бірқатар учаскелік полиция инспекторлары грамоталармен, алғыс хаттармен және мерейтойлық медальдармен марапатталды. Офицерлерді тәрбиелеген ата-аналар да назардан тыс қалмады, – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Марапатты Алматы облысының білім басқармасының басшылығынан да алған полиция қызметкерлері де аз болмады. Марапат барысында басқарма басшылығы бірлесіп атқарып жатқан жұмысты тілге тиек етті.
Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ІІО-ның реформасын және “Полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидатын жүзеге асыруда учаскелік полиция инспекторларының маңызды рөлін атап өткенін еске саламыз.